«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
“Тәмпіш қара” повесі жайында
Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген.Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда» деп келеді.Басты кейіпкер- тәмпіш қара Шаншатай.. Повесте Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер- әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе,бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз.Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады.Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі.Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады.Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін.Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала, ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді,ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды
Надеюсь ахах