
Негізгі сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты болады. Қазіргі қазақ тілінің Негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, 5 ғасырдағы Талас, Орхон-Енисей ескерткіштерінде сіз, ұғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, ат, күн, т.б.; 11 ғасырдағы Ж.Баласағұн мен М.Қашқари еңбектерінде ат, қой, күн, кел, өкін, т.б. сөздер кездеседі. ә) Сөз тудыруға ұйытқы болады; сөздік құрамның дамуына байланысты Негізгі сөздік қор да өзгеріске ұшырайды. Негізгі сөздік қордағы бір буынды түбірлерден көптеген туынды сөздер жасалады. Туынды сөздер жаңа сөз тудыра алғанымен, Негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. б) Жалпыхалықтық сипаты; Негізгі сөздік қорға енетін сөздер бүкіл халыққа түсінікті және үнемі қолданыста болып, баршаға ортақ қызмет атқарады
Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.