Жер ананың сұлу қыздары.Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі.Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай , екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады.Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді.Екеуінде де әрқашан кім сұлу?-деген сауал туындайтын.Ай ару Күннің жарқылын жек көретін.Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын.Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып -Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін –дегенде Жер ана қатты ашуланады.Айға рұқсатын бермейді,сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді.Ай Күнге барып -Екеуіміз екі бөлек жандармыз.Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз-дегенде Күн де қалыспай: -Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап , менен бөлініп кетпексің ғой –дейді. Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі.Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады.Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады.Сұлулығынан айырылған Ай Жер ананың рұқсатымсыз алысқа кетіп қалады Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді.Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды.Енді мүлдем кеш еді.Сол сәттен бастап екеуі бір-бірін ешқашан көрмепті.Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.
Жаз-көктемнен кейінгі жыл мезгілі.Жазда балалар кешке дейін далада асыр сала ойнайды, ересек адамдар мал жаның жиып бірақ үйлеріне кіреді, ал жастар болса түн уақытына дейін далада қыдырады. Жазда табиғат өте сұлу. Көбінің сүйікті жыл мезгілі ол жаз, өйткені дала жылы болады, сонымен қатар жазғы демалыс кезі. Қалада тұратын а туыстарына жазғы демалысқа ауылға жіберіп жатады. Қаладан келген балалар ауылдық балалармен танысып, бір біріне өз тіршілік орталары туралы қызықты әңгімелер айтады. Жазда малдар жайылымға шығады, қой кезегінде қой бағасың, қасына достарыңды қосып алып, уақытты тамаша өткізесің.
Объяснение:
Лето сезон года после весны. Дети летом целыми днями играются на улице, взрослые встречают свой скот с пасьтбы и только вечером заходят домой, а молодые и подростки гуляют до поздна. Летом природа очень красивая. У многих любимый сезон года это лето, потому что летом тепло да и период летних каникулов. Городские люди отправляют своих детей к своим родственникам на каникулы. Городские дети приходя в аул знакомятся с местными детьми и рассказывают друг другу все прекрасные стороны места своего жительства. Летом скот выходит на пастбище, когда приходит очередь пасьтбы, берёшь своих друзей и с утра до вечера пасешь скот и весело проводишь время.