Киіз үй көшпенділер өркениетінің озық үлгісі
Объяснение:
тұрғын үй тұрғысынан танудамыз. Жеріміздегі бірнеше жүздеген, ескі қалалар мен қорғандар немесе егіс алқаптары мен бау-бақша орындары осы түсініктің қарама-қарсы дәлелі бола тұра, өз ұлтымызды көшпенді дейміз. Ұлтымыздың қалыптасуынан бастау алатын ата кәсіптің бірі – мал шаруашылығы болғандықтан,төрт түлік малдың жаз жайлауы мен қыс қыстауына, өсетін шөбі мен ішетін суының малға жайлылығы мен жұғымдылығына сай, көшіп жүретініне қарай бүкіл ұлтты көшпенді санау, қай жағынан да орынсыздау екені анық.
Малдың күші, сүті, еті, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы – өмірінің, тіршілігінің негізін құрайтыны рас. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан және қосатын үлесі зор екенін мойындай отыра, қазақ ұлты тек малдың соңында бел асып, көшіп жүрді деп ойлау негізсіз. Мал бағу ата кәсіптің бірі ғана саналады. Ұлтымыз осы кәсіптің негізінде табиғаттан жауынгерлік, табиғат заңдылықтарына сәйкес тіршілігін жоспарлау, поэзия, көркем тіл, сәулет өнері, ойға тапқырлық, салт-дәстүрлерін қалыптастырудың негіздерін қалауда тәлім-тәрбие алды. Бірақ қазақ көшпенді халық емес, бұл менің жеке пікірім. Өз пайымым бойынша көшпенділер санатына атамекеніне оралмайтындар жатады. Мен осы орайда қазақы киіз үйді басқа қырынан талқыламақпын. Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігіне назар аударсаң, жинақылығы мен ыңғайлылығы өз алдына, сәулеттік шешімі мен сырт пішімі ерекше сұлулығымен дараланып тұр. Ғалымдардың пікірінде киіз үй сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің біріне жатады. Небәрі сүт пісірімдей уақытта, бір түйеге жүк болатын киіз үйдің қаһарлы қысқа да төтеп беретін тұрғын үйге айналуымен қатар, дөңгелек кескіндегі бөлме ауасының алмасуы төрт бұрышты кескінді бөлменің ауасы тазаруынан 5-6 есе тезірек болатынын қазіргі архитектура ғылыми жетістіктерімен дәлелдеген. Еуропалық тас, бетон үйлер мен заманауи полимерлік материалдарының әртүрлі температуралық жағдайда бөлетін химиялық қоспалары бөлме ауасының 35 пайызын құраса, киіз үй адам денсаулығына тіпті зиянды емес екені ерен талантты адамдардың арғы тамыры ауылда жатқанын түсіндіреді. Киіз үйдің сүйегі дегеніміз – кереге, босаға – сықырлауық есік, уық, шаңырақ біркелкі сәмбі талдан жасалады. .
Менің сүйікті тағамым
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.
Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...