Достық – мәңгілік тақырып «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Сонымен қатар бұл тақырыпты өз жырына қоспаған ақын кемде-кем. Сондай тақырыпты айналып өте алмаған ақындардың бірі – Сәкен Сейфуллин. Ақынның көңіл күй лирикаларының ішінде 1926 жылы жазылған «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Ол өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Сыр сандығын ашып, адам жанының сым пернесін басқанда ғана дос көңілі, сыры шертіледі. Адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлайды. Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды. Лирикалық кейіпкер – ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға, нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға ұқсатады. Жанама, жағымсыз достарды қаламайды. Алтын сарай – шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады. Сұлу пернелер – адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды. Өлеңде жаныңды түсіне білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар» қарсы қойылған. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген де бар. Шындықты шырылдатып бетіңе айту да достың міндетіне жатады. Осындай адал достыққа не жетсін, шіркін! Шынайы достарымыз көп болсын! Дастан Қастай
Менің сүйекті жазушым, ақын, философ, композитор, ағартушы - Абай Құнанбайұлы. Оның туындылары халықтың бүгінгі мен келешегі, арманымен қиялы, жалпы болмысы туралы. Сондықтан, маған Абайдың өлеңдері жақсы ұнайды. Мысалы: Жазғытұрым , Ғылым таппай мақтанба , Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы , Жаз , Қыс , Күз. Осы өлеңдерде ол адамдардың тұрмыс- тіршілігі, жағдайы туралы жазып, өз пікірін, ақыл- кеңесін адамдарға жазды. Ол шыңдықты айтқын жазған. Оның өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор деп түсінемін.
Өмір, Ех Өмір шірін ғажап тіршілік қой! Бірде күлесің, бірде сүрінесің, құлайсың, шаттанасың, түсініксіз бір күйге енесің, кейде бақыттан басың айналады, ұрысасың, татуласасың, ренжисің. Өмір бізге берілген құдды бір сынақ секілді, аяғыңды кішкене шалт бассаң өмірің құрдымға кетеді, сол себепті әр қадам, әр парақты байыппен, нақты шешім қабылдап басу керек. Кейде барлығы аяқ астынан болып қалады, күліп отырып жылап жібересің, жылап отырып, күліп жібересің.Адал болып өмір сүрсең тағы болмайды, өйткені «қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан» демекші кінәсізден кінәсіз өтірікші болып шыға келесің. Қазіргі заманда біреуге жақсылық жасасаң, ол өзіңе соны жамандықпен қайтаратын болды.Нақтырақ айтқанда Біз бақытты болу үшін, әрқашан күліп жүру үшін, ана, әке, ата, әже атану үшін жаралған жандармыз. Бұның бәрі Алланың және өздеріңіздің қолдарыңызда!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку