Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.
Объяснение:
осының ішінде бар
- Сәлем, Дина.
- Сәлем.
- Ертең сыныптастармен саяхатқа шығатын болдық.
- Тамаша, қайда барасыңдар?
- Табиғат аясына шығамыз.
- Сынып жетекшілерің де барады ма?
- Арнайы автобуспен үш мұғалім, медбике және дене шынықтыру мұғалімі бізді серуенге апарып, алып келеді.
- Өте жақсы екен. Медбике апайдың баратынын дұрыс екен.
- Иә, бірақ барлығы жақсы өтіп, ол кісінің көмегіне ешкім жүгінбесе, жақсы болар еді.
- Қашан қайтасыңдар?
- Таңертең шығып, түстен кейін қайтамыз. Әрқайсымыз үйден тіскебасар мен ішетін сусын, жеміс – жидектер алып барып, соларды жейміз. Түрлі ойындар ойнап, серуендеп, біраз суретке түсеміз деп жоспарлап отырмыз.
- Бәрекелді, демалыстарың жақсы өтсін!
- Рахмет!