Анама сыйлық.
Менің аяулы да ардақты анамның туылған күні жақындап келе жатыр.Ал мен сыйлыққа не берерімді әлі күнге дейін шешпедім.Анам қымбат сыйлықтарды ұнатпайды.Маған үнемі "маған қымбат иіссу алғанша,өзіңе дәптер мен қалам алмадың ба?!" деп айтатын.Сондықтан бұл жолы артық ақша құртып,анамды ашуландырмай-ақ қояйын деп шештім.Құрдастарым өз қолыңмен сыйлық жаса деп кеңес берген еді.Мен суретті жақсы саламын.Алайда құр сурет қарапайым болып кетеді деп ойлаймын.Өлең шығаратын қабілетімнің жоқтығын қарашы.Осылайша ұзақ ойланып еңбек сабағынан үйренген білімімді пайдалануды шештім.Таза, тік төртбұрышты ағашты алдым да ішін ойып рамка секілді жасадым.Ағаштың шетіне әдемі гүлдер салдым.Одан кейін тастармен әшекейледім.Анам екеуміз түскен фотоны салдым.Мінеки,өз қолыммен әрі әдемі фото салатын рамканы істеп шықтым.Енді ақ параққа өзімнің жүрегімнен шыққан тілектерді жазу ғана қалды...
Əдеби синтез эссесі- автор көзқарасына,автор бейнесіне,автор үлесіне сыни көзқарасын,пікірін білдіріп жазады
Əдеби талдау эссесі-туындыға талдау жасай отырып жазады
Əдеби дəлелдеме эссесі-ұстанымын көрсете отырып,аргументтер арқылы дəлелдеп жазады
Əдеби салыстырмалы эссесі-туындыны басқа туындымен жəне сол туындыдағы кейіпкерлерді,оқиға жайларын салыстыра отырып,талдап жазады
Əдеби шығармашыл эссесі-эсседе əдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып жəне кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына,мекеніне түсіп,сезімін,ойын,жай-күйін баяндап сипаттап,суреттеп жазады
Объяснение:
Осылай дұрыс сияқты