Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Еуразия орналасқан. Бас қала - Астана қаласы. Қазақстан Республиқасы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев. Қазақстанда көп әр түрлі ұлттарды сүреді. Қазақстанда 14 (он төрт) облысы бар. Мен (область) облысы (город) қаласы тұрамын. Қазақстан - менің мақтанышым. Мен Отанымды өте сүйемін. Моя Родина - Казахстан. Республика Казахстан - суверенное, независимое государство. Казахстан расположен в Евразии. Главный город - город Астана. Государственный язык Республики Казахстан - казахский язык. Национальная валюта Казахстана - тенге. Президент Казахстана Нурсултан Абишевич Назарбаев. В Казахстане проживают много народов. В Казахстане 14 областей. Я живу в () области в городе () . Казахстан - моя гордость. Я очень люблю Родину.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку