Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалаймыз. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі — Жаңа жыл. Бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Балалар аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жыл мерекесін тойлап болған соң қысқы демалысымызға шығамыз. Қыс мезгілінде барынша жылы кейінеміз. Қанша дегенмен қыстың өз қаталдығы бар. Менің қысқы демалысым өте қызықты өтті. Мен атам мен әжемнің үйіне және көкемнің үйіне қыдырдым. Көкемнің балаларымен коньки тебуге бардық. Қораның ішінде аққала жасап, шанамен ойнадық. Қыс мезгіліндегі даладағы ойындар, әдемі жерлердегі серуедер өте керемет болды. Қыстың аппақ қарымен, өзіндік қаталдығы бар ызғарынан ерекше әсер алдым. Қыс мезгілі мен үшін ерекше таңғажайып мезгілдей сезімде болдым. Қысқы демалысымда жақсы демалдым. Үшінші тоқсанға ерекше ықыласпен, үлкен күш қуатпен сабағыма кірістім десем болады.
Тәтті қиял.
Қиялдың жетегіне еріп, армандамайтын адам жоқ шығар. Менің бала күннен арманым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.
Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.
Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.
Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі менің ойымды түйіндей түседі:
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді! ...