fariii046
17.04.2020 17:34

Ертегилер елине саяхат эссе​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Dilyash2007
05.11.2020 07:00
Балуан / Палуан - күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.

Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.

Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққатанымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен [1].

Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.

Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған 
0,0(0 оценок)
Ответ:
kseriii
18.05.2020 13:31

ответ

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота