
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Ол екі түрлі жолмен байланысады. Жалғаулықты шылаулар арқылы және интонация арқылы.
Жалғаулықты шылаулары: немесе, не,я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде
Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе онда сөйлесдер арасында үтір қойылмайды.
Мысалы: Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой.
Сені не әкең келіп алып кетер, не нағашың жеткізіп салар.
Қазақта «Үйдің жақсы болмағы – ағашынан, ұлдың жақсы болмағы нағашыдан» деген сөз бар. «Ер тағайына тартады» деп те айтады. Бұл жерде тағайы- нағашысы.
Шешесінің төркіні балаларына нағашы болады. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді. Үш жұрттың ішіндегі ең ерекшесі болғандығынан шығар олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырған. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашы жиенінің азаматтығы мен ізгі істеріне сүйсініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.