ерте кезеңнен ақ ата- , ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «тәрбие – тал бесіктен басталады», «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөзді жадына әбден тоқыған. сондықтан да ң бауырмал, қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. ң алған тәрбиесіне қарай «тәрбиелі, өнегелі» екен деп тамсанса, оғаш қылық көрсеткен «тәрбиесіз, өнегесіз» деп сөгетін болған. қазақта ең ауыр сөз – «тәрбиесіз», «тәрбие көрмеген» деген сөз. әрине, қай қазақ жаман болсын десін, демейді де, сондықтан да бетімді жерге қаратпа деп өсиет тәрбиесін айтып отыратыны белгілі.
Абай шығармалары-- тәрбие көзі. Әр заманда момынның жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын жасауға тырысқан халық перзенттері ғаделет, рахым, қайрат, қажыр иелері болған. Абай сөздерінде ондай кісілерге тән қасиеттер мыналар: махаббат. шапағат, нысап, мархама, таза пиғыл, мағрифат, көкірегі-көнілі тірілік, имандылық, мұсылмандық, еңбекқорлық, адалдық, ұяттылық, бауырмалдық, мейірімділік, сезімталдық, ақылдылық. Адамшылық, адам табиғатына сай болу үш ғашықтықтан туады. Бірінші, дүниені, адамның өзін жаратқан Аллаға ғашықтық. Ғылым алланың бір сипаты бо лғандықтан, ғылымға ғашықтық. Алланың жолы хақиқат болғандықтан, хақиқатқа, растыққа ғашықтық. Ал егер мал, мақтан, қадір, сый, құрмет, алланың ықрарымен, адамды өзі іздеп тапса, ол адамды бұзбайды, керісінше адамдыққа көрік береді. Сондықтан да халқымыздың ділін, яғни, менталитетін, дінін, тілін сөз қылғанда, тағылым іздегенде Абайдан алшақ кету қиын.