Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.
достық адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, қайғыны азайтатын, қарым- қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі: əрқайсымыз достыққа мұқтажбыз. Еліміздің асқақ ақыны, патриотЫ, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
"Достық деген ізгіліктің аланы,
Оған куə ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады,
Қиын шақта досын сатқан адамдар!
деген жолдарынан достықты қалай бағалағаны сезіледі. Мұхтар Шахановтың ең жақын жолдасы бола білген бір тұлғаны атап өткен.Ол тұлға- Қырғыстанның халық жазушысы, Социалистік Еңбек ері Шыңғыс Айтматов еді. Олар бір- біріне сыр айта білетін, қиын кездерде қасынан табылатын, арасынан қыл өтпейтін нағыз жазылмас достар болған. Осыған байланысты əрбір адам нағыз дос таба білу керек. Себебі досың ол саған туыс сияқТы, əрқашан бірге шынайы жүретін адам