
Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.