kuklas228
15.03.2020 02:41

«Меніңмұратым», «Менің мұратым мені қайда бастайды?тақырыбына төмендегі қадамдардыбасшылыққа алып, өзіңізді-өзіңіззерттеңіз. Жоспарын жасаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
крыска235
23.04.2022 06:35

Жеті - қасиетті сан.

Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.

Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Маша4гклаша
11.03.2020 01:50
Киіз туралы диалог
-Әже киіз үй деген не?
-Балам бұл -тарихымыздағы ең алғашқы құрылыс үй.Көшіп қонуға арналған жәдігер.
-Оның салмағы қандай?
-Киіз үй шамамен жиһаздармен қосқанда 400 келіге жуық болады
-Киіз үй неден құралады?
-Киіз үйдің негізгі бөлшектері ол  кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық
-Әже шаңырақ дегеніміз деген не?
-Ол киіз үйдің  ең жоғарғы бөлімі
Осы киіз үй  4,6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады
-Әже сізден көп мәлімет алдым, РахметКиіз үй» тақырыбына диалог

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.
Мен Қазақстан Республикасында туып өстім,сондықтан біздің мемлекеттік тіліміз -ол қазақ тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра.
 Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады
1989 жыл, 22 қыркүйек күні  республикалық референдумда    қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 

«Павлодарлық суретшілер» туралы әңгімелеңіз

Павлодардық көркем сурет музейінде көптеген суретшілердің көрмелері бар,соның ішінде танымал павлодарлық суретшілер Бота Машрапов, Виктор Поликарпов, Әнуар Игембаев, Ғалым Қаржасов және тағы басқа қылқалам шеберлері құрған.
Жақында павлодарлық суретші -кескіндемеші Ануар Игембамбаевтың мерейтойлық көрмесі Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтті. 
Ануар Игембаев 1954 жылы 14 мамырда Павлодар облысы Ермак ауданы (қазіргі Ақсу) Грязновка ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Алматы қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін тәмамдады. Ұстаздары: А.Аканаев, М.Хитахунов, Б.Пак. Кескіндемеші.1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі (1992 жылдан – Қазақстан Суретшілер Одағы мүшесі). 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Көркемөнер Академиясының академигі және Суретшілер ассоциациясының мүшесі. 2008 жылдан ҚР Көркемөнер Академиясы экологиялық орта күзеті жөніндегі комитетінің мәдени мұра сарапшысы ретінде қызмет етеді.
Ануар Игембаев -   нәзік сезімтал портрет жанрының шебері, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар кескіндемеші. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота