Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
Тіл туралы диалог (мақал - мәтелдерді қатыстырып).
- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?
- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.
- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?
- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін.
- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?
- Ия. Дәл солай.
- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?
- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!
- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.
- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген мақалдары - менің ұстанымым.
- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!