АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін «Он-лайн» режімінде «Мектеп формасы және Қазақстан педагогтарының қазіргі заманғы киім үлгісі» деген тақырыпта республикалық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ба з қызметі. Оған облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, балалар киімдерін шығаратын өндірушілер, педагогикалық және ата-аналар қауымдары қатысты.
Интерактивті форум барысында оқушыларға арналған мектеп формасының, спорттық киімдердің, жалпы білім беретін мектептердегі педагог қызметкерлерге арналған іскер киім үлгілері көрсетілді.
Кеңеске қатысушылар балаларға арналған заманауи киім үлгісінің бағасының қол жетімділігін, ыңғайлылығын мен жайлылығын талқылады. Ата-аналар мен мектеп қауымының, киім үлгілерін тігушілердің пікірлері тыңдалды, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының және Алматы қаласының мектеп формасын енгізу жөніндегі тәжірибелері таныстырылды.
Педагогтар мен оқушылардың ішкі мәдениетіне ғана емес, олардың сыртқы түріне де баса назар аударылады. Өйткені, білім беру процесінде ұсақ-түйек жоқ, оның барлық қатысушылары үшін қолайлы орта қалыптастыру маңызды.
Республикалық семинар-кеңеске елдің әр өңірінен барлығы 700-ден астам білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Менің сүйікті мамандығым - дәрігер. Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку