Біз «қазақ киносының тілі өте кинематографиялық» деп мақтанамыз. Бірақ, бұл, «кино лайым классикаға ұқсағысы келіп тұруы керек» деген сөз емес. Мойындайық, өз-өзімізді ұмытып, бәріміз «кинематографиялық» киноның соңынан кетсек, қазақ көрермені Голливудтың жемтігі бола береді. Қазір бұқараның санасы үшін күрес жүріп жатыр. Зеңбірекке қарсы ақберенмен шығуға болмайды. Бұқаралық киноға қарсы авторлық киномен қарулана алмайсыз. Биік өнер, эстеттік кино – ол да керек, бірақ, бұқара үшін «сторителлинг» немесе қарапайым сюжет баяндаушы фильмдер басымдықта болатынын жасыра алмаймыз. Ақан Сатаевтың бұл фильмі – нағыз сол тұрпатты дүние.
Көріп отырғанымыздай, қазақ киносының қазіргі келбеті – бүкіл қазақ қоғамының келбетіндей ию-қию. Мемлекет өзіне ұнайтын киноға ақша бөледі, кейде өзіне ұнамайтын киноға да мүмкіндік береді. Ал, «кино арқылы табыс тапсам, танымал болсам, абырой жинасам» дейтін жеке студиялар, кейде кино еместі кино деп түсіріп, өз бетімен «дамып» жатыр. Жалпы талғамды көтеретін дүниелердің зәрулігі өкінішті. Авторлық фильмдер кинотеатрларға жетпейді, жетпеуіне мұндай сипаттағы киноны көрсеткісі келмейтін билік өкілдері де, көргісі келмейтін көрермен де кінәлі шығар. Бірақ, көрермен көргісі келетін киноны деңгейлі түсіру камера ұстаған ағайынға да серт пе дейміз?!
ответ:Егер адамның жүрегі ұлты үшін соғып, мəңгі бірге болып қорғаймын десе бұл білімнен емес мінезден. Еріншек пен езге, жалпы еңбек етіп нан таппайтын адамға бəйге де, сыбаға да, мүше де бұйырмайды. Адам ел тұрмысын, тілін, мінезін білмесе онда одан еш пайда жоқ. Ол көш басын алып жүре алмайды. Жұрт, ел əділ, жақсы мінезді болмаса онда жұрт ісі оңға баспайды. Ондай жұрттың ісі өтірікпен ғана жүреді. Бəрі құрдымға кетіп отырады. Заң адамды қорғау, бұзақылардан қорғану мақсатында жазылады, ал адам заң үшін тумайды. Көзі көрмейтін, соқыр адам көзі керемет көретін адамнан бірақ көзі көретін болғанымен көңілі соқыр адамнан мың есе артық. Себебі, көзі соқыр адам көкірегі ояу адам,ал көзі көретін адам оның көкірегі соқыр.
Объяснение: Толықтай дұрыс.