angel2112001
13.10.2022 07:20

Сақ патшайымы Тұмардың (ж.ж.с.д. 570 — 520) есімі ежелгі жаз-
баларда «Томирис» деп көрсетілген.
Тұмар — массагеттердің патшайымы, скиф
халқының көсемі — Ишпақайдың ұрпағы,
Скифтердің патшасы — Мадийдің шөбересі,
массагеттердің патшасы — Сыпырдың
Қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби
шағында қайтыс болады. Кішкентай қызды
Әкесі тәрбиелейді.
Томирис бала кезінен әскери іс-қимыл
мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада
өскен. Әкесімен бірге жаулардан бірнеше
рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына
ақинақ — қысқа семсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған.
Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған. Кир патша
Шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген.
Алдымен, Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы
Тұмардың
өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар
Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558 — 530) ұсынысын қабылдамайды. Осыны сылтау еткен Кир жауын-
герлерін шығысқа қарай аттандырады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді
құруға, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ольга240387
16.04.2023 02:50

" Астана-Арман кала"

Әр елдің астанасы- мемлекеттің алтын бесігі болып табылады. Өйткені ол мемлекеттің бет-бейнесі, оның жүрегі. Ал біздің Елордамыз Астана күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ол- болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы. Адамзат тарихында астанасын жаңартқан мемлекет аз емес. Ғасырлар бойғы бабалар арманын төрт-бес жылда Астанадай қала салған мемлекет болған емес. Біз Елбасының сындарлы саясатының арқасында жаңа ғасырға, мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасында егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке, жаңаша керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамыз бен көкте қалықтаған қырандай желбіреге көк туымызды көргенде, әуелеп ұшқан әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билері анық. Мұны көру мен сезіну мен үшін үлкен бақыт! Аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденіп, тәуелсіздігіміздің тірегі, отанымыздың жүрегі болған Астананы көрудің өзі бір ғанибет. Ол еліміз үшін жаңа дәуірдің жаңа парағын ашқанмен пара-пар болып, егемен ел екенімізді айғақтап тұр.

0,0(0 оценок)
Ответ:
qwaszxpolkmn129
09.04.2020 10:40

Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне "Шевченко" аталған болатын.

Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.

Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.

2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота