mashamariya11111
06.06.2023 13:58

Айналаға қараңызшы... Асқар тау, саумал ауа, көк майса – бәрі-бәрі: «өс, өн, өрбі, мейірлен, шаттан!» - дейтіндей ғой. Бірақ бүгін бұл араға осынша
ғажайып сұлулықты қызықтауға, жомарт табиғаттың мынау шарасынан асып,
шалқып-төгіліп жатқан шарапаты мен рақатын тамашалауға емес, тағзым етіп,
тағылым алуға келіп тұрмыз. Біз үшін бұл араның әр тасы киелі, әр бұтасы
қасиетті. Олар бұдан үш жарым ғасыр уақыт бұрын көз көріп, құлақ естімеген
ерен ерлікке куә болған. Сондағы атамекеннің қамы үшін, атажұрттың бағы
үшін арыстан боп алысып, жолбарыс боп жүлысқан алты жүз сайыпқыранның
бәрінің бірдей аты есімізге түсіп тұрған жоқ. Бірақ бәріміздің де бойымызды
кернеп тұрған - солардың қаны, ойымызды тербеп тұрған - солардың арманы,
жадымызда - солардың өсиеті, жанымызда - солардың қасиеті. Бәлкім, тіпті
талайымыздың бет-әлпетімізде де солардың дидары тұрған шығар. Ендеше,
екі дүниеде де мейманасы асып, нұры тасыды деген осы болады. Қайсыбірі осы
арада шейіт болған, қайсыбіріне кейін басқа арадан топырақ бұйырған қасиетті
бабаларымыздың аруақтарының алдында солардың ерліктерінің арқасында
аман қалып, өсіп-өніп, он миллионнан асып отырған бүгінгі ұрпақтың атынан
бас иіп, тағзым етеміз.
«Жарықтықтарым, жандарыңыз жаннатта болғай, ел-жұртқа тілеп өткен
тілектеріңіз жаратқан иенің жақсы құлағына шалынып, қабыл бола бергей!»
дейміз. осы мәтіннен фразеологизмдерді теріп жазып, білдіретін мағынасын түсіндіріңдер​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
xLAFFYx
19.01.2022 09:19
-Сәлем Меруерт!
-Сәлем Алма
-Меруерт,сен маған көмектесе аласың ба?
Бізде жақында ашық сабақ өтеді,мұғалім бізге Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы біліңдер-деп айтты
-Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
-Өте қызық екен.
-Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді.
-Сен бұның бәрін қайдан білесін?
-Маған атам түсіндірген.
-Көп рахмет!Сау бол!Келесі кездескенше.
-Сау бол!
0,0(0 оценок)
Ответ:
erik09hfilya
11.11.2020 22:03
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. қанаты қатпаған анасы азық әкелуге кеткенде, күтумен болады екен.бір күні жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, арашашы іздейді. көкектен көмек сұрай барса: — бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек.одан шығып, қарғаға барса: — үйленгелі жатқанымда, мазамды алма, – дейді. қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. бір кезде дәуітті көреді. дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп: — достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.қарлығаш сонда: — жауыз жылан жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.— олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. қарлығаш қанатын тосады. дәуіт жотасына шығып алады.көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. жылан ұяға тақап қалған екен. дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйқтамақшы екен.дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота