Жеті - қасиетті сан.
Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.
Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.
Бәмсі Байрақ-мінезі қатал,өз жары үшін жау қолынын құтылып шығады,әкесінің үмітін ақтады
Қаршар-билмид екем
Байбөрі-ұлы үшін бәрін істейді,ұлын тәрбиеге,батыр болуға үйретеді.Бүгінгі қорқыттану, сөз жоқ, кемі 200 жылдық тарихы бар, іргелі, әлемдік деңгейдегі ілім. Қазіргі уақыт безбеніне салып қарасақ, әрине, оның жеткен жетістіктерімен бірге, әлі де болса зерттей түсуді қажет ететін кемшін тұстары да жоқ емес. Атақты академик, ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан өзінің «Қорқыт Ата – қазақ халқының аңызы» деген еңбегінде қорқыттану ілімінің өзінен бұрынғы, өз кезіндегі жағдайына терең талдау жасайды.
Байқағанымыздай, Ә.Марғұлан бұл еңбегінде қорқыттанудың ең бір өзекті мәселелерінің әлемдік, кеңестік және қазақ ғылымындағы зерттелу жағдайына тоқталады. Ол Қорқыт туралы қазақтар мен түрікмендер айтатын көне аңыз, әңгімелерге, жырларға ерекше мән береді.
Академик Ә.Марғұлан осы аңыз, әңгімелерді, жырларды Еуропа, әлем жұртшылығына таныстырушы, насихаттаушы, зерттеуші ғалымдар ретінде Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Бартольд, В.М.Жирмунский, Фуад Копрюлу, О.Ш.Гокяй, Этторе Росси, А.Н.Самойлов, М.О.Әуезов, В.А.Гардлевский, В.В.Вельяминов-Зернов, П.И.Лерх, Л.Герн, Л.Мейер, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.А.Диваев, И.В.Аничков, В.А.Каллаур, И.Кастанье, П.Н. Спиридонов, И.И.Крафт, Ю.Новицкий, И.Гейер, Л.Берг, Г.Грум–Гржимайло, Х.Кустенаевтердің, т.б. есімдерін құрметпен атайды, осылардың еңбектерін талдап-таразылау барысында қорқыттану ілімі үшін аса маңызды бірнеше тұжырымдарға келеді. 1. Қазақтар мен түрікмендер арасында күні бүгінге дейін айтылып келе жатқан аңыздар бойынша Қорқыт – Сырдария өзенінің бойындағы Жанкент қаласының маңында қоныстанған оғыздар мен қыпшақтардың ортасында VІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлға. Ә.Марғұлан осы еңбегінде қазақтар мен түрікмендер айтатын Қорқыт туралы ескі сарындардың Кіші Азия мен Кавказ халықтарында айтыла бермейтінін бірнеше рет қайталап айтып отырады. Ә.Марғұлан Қорқыт жырларының
Объяснение: