БАБЫЛ СЫНА ЖАЗУЫ, Вавилон сына жазуы — шығыстық көне жазу үлгісі. Алғашқы негізі біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта шумерлер арасында пайда болған. Бабыл сына жазуының археологиялық қазбалардан көп табылған түрі — балшықтан жасалған тақтайшалардағы жазулар. Олардағы Бабыл сына жазуының таңбалары сыналап басылған, яғни сәл көлбеу түсірілген, қыры тікбұрышты жұқа таяқшалардан тұрады. Бастапқы Бабыл сына жазуларында идеографиялық жазу қолданылған. Онда нақтылы түсініктер, бұйым, зат атаулары бейне түрінде берілген. Мыс., аяқтың суреті “тұру”, “жүру”, ал соқа бейнесі “егінші”, “жер жырту” деген ұғымдарды білдіреді. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың ортасына қарай Бабыл сына жазуында буын жазуы үлгісі қалыптасып, қолданылған бейнелер саны 600-ге дейін азайған. Барынша қарапайым суреттер қолданылып, Бабыл сына жазуын оқу жеңілдей түсті. Тік бағаналар түріндегі оңнан солға қарай жазу дәстүрі енді солдан оңға қарай көлденең, тұтас жолдармен жазылған. Біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың 2-жартысында бабылдықтар мен ассириялықтар 300-дей белгі қолданған. Кейін Бабыл сына жазуы жетілдіріліп, дыбыстық жазуға ауысты. Мазмұнына қарай Бабыл сына жазуымен жазылған жазбалар іс қағаздары, тарихи оқиғалардың қысқаша баяны, эпостық жыр жолдары, сөздіктер, т.б. болып бөлінеді.
Если понравилось поставте лайе и подпишитесь на меня будьте добры
Болымды етістік
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б.