denchik20041
23.01.2022 17:51

. 2. Работа с текстом. Читать и переводить текст с пониманием.
Планета Земля прекрасно видна из космоса. Но есть много проблем. На земле много дыма, угарного газа. Мы сильно задохнулись. Вас Природа-мать ренжітіп алыпсыңдар. Казахи-народ со дня на день. Вы жауаптысыңдар всем.
. а)выпишите из текста 4 местоимения.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
YulyaDremina
28.05.2022 18:36

Күнделікті өмірде әр адам басқа адамдармен араласады, яғни өзара ақпарат, тәжірибе, білімдер, білікітер, дағдылар алмасады. Бұл адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс қарым-қатынас деп аталады. Демек, қарым-қатынастың қалыптасуы адамның мінезіне байланысты.

Қарым-қатынастың түрлері көп. Мысалы, туысқандардың қарым-қатынасы немесе шәкірт пен ұстаздың қарым-қатынасы, ғашық адамдар арысындағы қарым-қатынас және т.б. Мәселен, ата-аналар және балалар қарым-қатынасы ең жақын туысқандардың қарым-қатынасын айтуға болады. Кейде бапкелеріміз бен ұстаздарымыз туғанымыздай болып кетеді. Мен спортпен шұғылдану барысында ең жақын достарымның бірі, әрі бәпкерім марқұм Серік ағамен жақсы достық қарым-қатынаста болдым. Ол маған бес жыл ішінде туған атам сиқты болып кетті. Сондай-ақ, маған және менің әпкеме өте жақын ұстаз ол Еділбай ағамыз. Оның арқасында менің әпкем Болашақ стипендиясын ұтып алды, ол бізді қазақ тілін жетік меңгеруге үйретеді. Менің ойымша, егер біздің елімізде Еділ аға сияқты мамандар көбірек болса, біздің қоғамымыз өте сауатты әрі білімді болатын еді. Сонымен қатар, адамдардың ғашықтық қарым-қатынасын да жоғары бағалаймыз. Адамадар ғашық болып үйленеді, яғни отбасын құрады. Өзара сүйіспеншіліктен құралған отбасы берік болады.

Әрине, қарым-қатынастың пайдасы өте зор, өйткені адамдар бір-бірімен араласып, әр түрлі тәжірибе алмасады, бір-біріне қолдау көрсетеді. Дегенмен кейде туыстық немесе достық қарым-қатынастар орынды қолданбаудың салдарынан жемқорлық туындауы мүмкін. Бұл қоғам мен еліміздің дамуы үшін өте қауіпті. Сондықтан, жұмыс немесе қызмет барысында туыстық және достық қатынысты қоғам мүддесінен жоғары қоймауымыз керек.

Қорытындылай келе, адамдар арасындағы қарым-қатынас өте қажетті әрекет. Ол адамның қоғам мүшесі болып қалыптасуы мен дамуына үлкен ықпал етеді. Бірақ туыстық қатынастарды мемлекеттік мүддеден жоғары қоюға болмайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
azharalol
27.05.2022 08:58

Объяснение:

«Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота