145781жл
07.10.2021 04:40

1-тапсырма. Өлеңді үш оқушының мәнерлеп оқуынан тында. Да, ырғағын, кідірісті және логикалық екпінді қайсысы дұрыс қолданды
- HДАЛЫ М
Дос болам десең, досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең, мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе? Апыр-ау, неткен жақсы едің?
Досым аз менің... Досым-ау, менің, тапшы емін!
Достарыңмен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені, болайын құлың нақ сенің!
(Мұқағали Мақат,
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемеде солып қалар гүл емес.
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,
Нағыз достар, тіпті, сый да тілемес.
Сырлас болсаң, есігімді кір қақпай,
Шын дос болсаң, шақырмай кел, тілегім.
Шын шақырсам, саған ұқсап тіл қатпай,
Жауымның да келетінін білемін.
(Төлеген Айберг
Бірімізді біріміз қуат көріп,
Бірімізден біріміз шуақ көріп,
Бірімізге біріміз пана болып,
Мен іні боп, сен қимас аға болып,
Дарқан көңілім шалқитын дала болып!
Кәусарынан достықтың қанып ішіп,
Бір тілектің бойынан табылысып.
Сәл көрмесек сабылып, сағынысып,
Жолығуға асықтық алып ұшып.
(Мұхтар Ша. осы өлеңнен есімше көсемшені табу керек

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ира967
07.06.2021 04:29

Ана туралы.

Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік, себебі ана пейілі мен мейіріміне бөленіп өскен жан бақытты. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
justnastya1
07.06.2021 04:29

Ананың пейілі

Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.

Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.

Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота