
денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларда кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететіндері де бар.
Халқымыз үйге келген қонақты құрметтеп, үнемі төрге отырғызған.
Еретректе қыз бала он екіге толғаннан кейін оған оң босағадан арнайы орын берген.
Жастар отау құрғанда айтылатын басты тілектердің бірі - "Шаңырағың биік болсын!"
Үйдің сол жақ қанатын сол босаға деп атайтын болған.
Үйге қонақ келгенде дастарқан жаю қонақжайлылық белгісі есептеледі.
Апамның сандығында неше түрлі маталар мен әшекей бүйымдар бар.
Есік жақта тұрған сөмкемді әкеліп бересің бе?
Жаңа түскен келін табалдырықты оң аяғымен аттайды.