А.Далада жел соғып тұр.Сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ыңғайлас: Далада жел соғады және сіркіреп жаңбыр жауады. қарсылықты: Далада жел соғып тұр, дегенмен сіркіреп жаңбыр жауып тұр. түсіндірмелі:Далада жел соғып тұрғаны сонша, сіркіреп жаңбыр жауып тұр. В.Ән басылып қалды. Гитара сазы толқалған жоқ еді. Ыңғайлас: Ән басылып қалса да, гитара сазы толқалған жоқ еді. қарсылықты: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтаған жоқ. түсіндірмелі: Ән басылып қалғаны онша, гитара сазы толқаған жоқ. С.Сабақ бізге ұнағаны соншалық.Уақыт өткенін білмей қалыппыз. Ыңғайлас: Сабақ бізге ұнады, әрі уақыт өткенін білмей қалдық. қарсылықты: Сабақ бізге ұнады, бірақ уақыт өткенін білмей қалдық. түсіндірмелі: Сабақ ұнағаны сонша, уақыт өткенін білмей қалыппыз.
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку