Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Қыз ұзату - ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар 2 жастың немесе ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт- дәстүр. Қыз ұзату дәстүрі осы сөйлеммен шектелмейді. Қыз баланы болашақ жарына аттандыру үшін, бірнеше міндеттелген делік ұғымдар мен сатыдан тұрады. Атап өтсек: Қалың мал – қыз баланы «сату» құны; Қыз танысу: қыз баланың туыстарынан, әдетте жеңгесі немесе жақын туысы, қыз аттанып отырғалы елдің жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін көріп, таныс болды. Бұл –құзды ұзатар алдында болады. Той малы – күйеу жақтан келгендер алып келетін, келешек отау тігу тойында сойылатын мал.Оған қоса бағалы мата секілді қосымша сыйлықтар беріленеді. Сүт ақы- қызбаланың анасынан арналып берілетін ерекше сый-тарту. Мұсылман қауымына ер мен әйелдің жақындасу шегі некемен басталады деп есептеледі. Қыз баланы аттындыра отырып, қыз елінде молда екі жастың некесін қияды. Құрсағында болғанда асыға күтіп, дүниеге келгелі көзінің қарашығында қорғаған әр анаға қай баласын болмасын жат елге, жат жерге жібері бауыр етін қажамай қоймас. Сәукеле таққан, қияр-қимас қарасымен алаңдап тұрған, жүрегінде жас сәби қыз баланы анасы қоштасу әнімен- сынсумен- шығарып салады. Ұзатылған қыз баланың тұрмыс-тіршілігіне керекті көрпе-төсек пен киім-кешектерін, кілем және әшекей бұйымдарын, т.б. жасап, өзімен бірге аттандырып жіберу қыздың ата-анасының міндет делік ісі болатын, бұны жасау деп атайды. Қазақтың салты мен дәстүрі мұсылмандық пен өмір әдемілігін сипаттайды. Соған орай әрзаттың өз орнымен болғаны қазақтың мықтылығы мен үлгілі өткені жарқын болшақты қамтамасыз ететіндей.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку