
Туған жердің ауасы да шипа...
Әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.
«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.
Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...
Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.
Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.