Жаңа технологияларға таңғалудан қалып барамыз. Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Мысалы, адам өмірін жеңілдететін роботтарды алайық. Робот – адамға тəн іс-əрекеттерді орындайтын, арнайы бағдарлама немесе басқару пульті арқылы басқарылатын механикалық құрылғы. Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, дүкен сатушысы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар немесе ақылды техникалар бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ғылымының басты тенденциясы.
Адам гүлзарға гүл отырғызды. .Гүл жақсы жақсы ауа райының, таза судың арқасында гүлдеді. Адам өте қуанышты болды. Бірақ, бір күні арамшөп пайда болды: - Ей, сен қатты тәкаппарлық танытпа, өзіңнің өмірге келгеніңе өкінетін боласың,- деді арамшөп шаңқылдаған даусымен. Бұл сөздер гүлді қатты қапаландырды және ол жабырқай бастады. - Жабырқама!- үлкен гүл оны сабырға шақырды. Адамдар бұны арамшөп деп атайды. Бұл тек өзін ғана ойлайтын жауыз шөп. Үлкен гүл осындай сөздермен оның көңілін көтеріп тастады. Тез арада адам келді және сол арам шөпті жұлып тастады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку