Қазіргі кезде короновирустың кесірінен барлық балалар,студенттер қашықтықтан оқып жатыр.Қашықтықтан оқу" WhatsApp" желісі арқылы өтіп жатыр.Бұның жақсы жəне жаман жақтарыда бар.
Жақсы жақтары:Бұл біздің өмірімізді,денсаулығымызды сақтау үшін керек.Қашықтықтан оқыған қауіпсіз деп табылады.Жəне де Білім Менистрліктегі адамдар бізге қолайлы болу үшін басқа да заңдар шығарып жатыр.
Жаман жақтары: Білімді дұрыс ала алмаймыз. Біз балалар апайлардың түсіндірулерінсіз сабақты ұғына алмаймыз.Бұлай оқудан балалардың білімі төмендейді.
Бірақ қарап тұрсақ бұл біздің өмірімізді жақсарту үшін керек.Егер далаға шықпай,карантинді жақсылап ұстайтын болсақ,онда вирусты да тезірек женеміз.
ДИАЛОГ
Қазақстан көпұлтты мемлекет
-Сəлем,Айша
-Сəлем ,Мария
- Айша мен сеннен бір нəрсе сұрайын деп едім.
-Сұра
- Біз ата -анамызбен бірге Қазақстанға көшіп келдік.Осы біздерден басқа Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері тұра ма?Жəне де олар кімдер?Қанша ұлт өкілдері бар?Сенің басқа ұлт өкілдерінен достарын бар ма?
-Қаншама көп сұрақ.Əрине сендерден басқа ұлт өкілдері тұрады.Мысалы,Қытайлықтар ,Кəрістер,Немістер ,Қырғыздар жəне т.б.Осы Қазақстанда 2009 жылғы санақ бойынша 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.Осыншама ұлт өкілдері тұрған соң əрине достарым бар.Мысалы,сен,Ким Дана Иан...
-Ал сен кəрістердің Қазақстанда қаншасы тұратының білесін бе?
- Ия.Қазақстанда кəрістердің 107 мыңнан астамы өмір сүреді.
-Рақмет Айша.
-Оқасы жоқ Мария.
Мәтін мазмұны бойынша 5 тірек сөзді жаз?
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», – деген еді.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады. Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған.
Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. 2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.