Еркебұлан: Алмасбек, маған
шығармашылық жұмысқа түрлі
адамдарын пікірін жинастырып, талдау
жұмысын жасау керек. 5 - 10 минут
уақытың болса, бір сауалға жауап беріп,
өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?
Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?
Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан
отбасынан басталады» деген терең
мағыналы сөз бар. Осы сөздермен
келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың
қандай?
Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі,
әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі,
шағын Отан. Отбасы - әрқайсымыз үшін
сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық,
татулық орнаған қасиетті мекен. Осы
кішігірім «Отанымызда» бойымызға
дарыған тәлім - тәрбие, елімізге,
жерімізге деген сүйіспеншілік, ар -
намыс қағидалары өмір бойы бізді
жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала
тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың
қалыптасуы отбасынан бастау алады,
сондықтан да туған үйдің жылуы - оның
көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,
мәңгі есінде жүреді.
Еркебұлан: Қандай керемет жауап.
Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала менҚыздың тәрбиесі қандай болуы керек? Алмасбек: ата-ана тәрбиесі қатар жүретін жерде жақсы азамат қалыптасатынына күмән жоқ. сонымен бірге мен "ұлдың масқарасы - әкеде, қыздың масқарасы - анада" деген мақал туралы ойлаймын, яғни біздің халқымыз отбасында басталған ұлдар мен қыздардың тәрбиесіне үлкен мән береді. қазақ отбасында кез-келген уақытта ұл бала әкесіне қарап өседі, ал қыз анасына қарап өседі. біздің әкелеріміз балаға өнер мен еңбек, сондай-ақ жақсы моральдық қасиеттерді сіңірді. "Мен білмеймін", - деді ол. Еркебұлан: Пікіріңіз үшін көп рахмет, досым!
Ғаламдық экологиялық мәселелерді жою менің ойымша оңайға соқпайды. Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табыладығой. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайтындықтан. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді. Ал адамзаттың жаһандық мәседелері-ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.). Бұл мәлметтердің барлығы адамды уайымдатпай қоймайды себебі бұл өзімізбен тікелей байланысты. Ол мәселелерді жлю үшін ең алдымен өзімізден сосын жақындарымыздан бастайық. Таза жүрейік,қоқыстарды кез келген жерге тастамайық, әрбір іске жауапкершілік танытайық,ысырапшыл болмайық, өзгелерден көмегімізді аямайық. Біздің сонда ғана болашағымыз жарқын болады. Сонда ғана бұл мәселелер жоюылады.
Объяснение: