MashaMalycheva
17.08.2020 01:34

ЖАЗЫЛЫМ 3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, «Менің туған өлкем поэзия мен
прозада» деген тақырыпта шағын мәтін құра. Мәтінде деректі, де-
рексіз зат есімдерді пайдалан.
Тірек сөздер: туған өлке, сағыныш, арман, асқар тау, көк аспан, махаб-
бат, нұрлы жүрек, шалқар көл, ну орман т.б.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vika160805v
20.06.2021 11:49
Қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерістерінің кезеңінде біздің Жаңа жылымыз Наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмытпай, белгілі бір күнді басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді.

Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен, біздің Жаңа жыл — Наурыз анық жылдың қай айында һәм қай күнінде басталады. Біз оқушыларымызды Жаңа жылмен құттықтауға Наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық, ғафу өтінеміз
0,0(0 оценок)
Ответ:
ivangladkikh
12.05.2021 16:14
         Адам гүлзарға гүл отырғызды. .Гүл жақсы жақсы ауа райының, таза судың арқасында гүлдеді. Адам өте қуанышты болды.
         Бірақ, бір күні арамшөп пайда болды:
- Ей, сен қатты тәкаппарлық танытпа, өзіңнің өмірге келгеніңе өкінетін боласың,- деді арамшөп шаңқылдаған даусымен. Бұл сөздер гүлді қатты қапаландырды және ол жабырқай бастады. 
- Жабырқама!- үлкен гүл оны сабырға шақырды. Адамдар бұны арамшөп деп атайды. Бұл тек өзін ғана ойлайтын жауыз шөп. Үлкен гүл осындай сөздермен оның көңілін көтеріп тастады. Тез арада адам келді және сол арам шөпті жұлып тастады. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота