leetine7
28.02.2023 21:53

Мәтін мазмұны бойынша адам өміріне теңестірілген құбылыс не затты ата. Достық уақытпен сынала ма? Уақыт біздің еншімізде емес. Зулап өте шыққанда, жаныңда қандай жандар қалатыны белгісіз. Осы ретте досты уақыт танытады деген сөздің жаны бардай. Мектеп қабырғасын имене аттағанда, сыныптағы баланың бәрі бөтен болатын. 11 жыл бір шаңырақ астында оқыған соң, бір үйдің баласындай болып кетеді. Адам өмірі пойыз секілді, ол жанына жақындарын әр бекеттен мінгізіп алады, уақыты келгенде өз бекетіне қалдырады. Ата-ана, туыс-бауырды таңдай алмайсың, бірақ досты таңдайсың. Бұл — заңдылық. Дос өзгелер арасында дараланып тұрады. Достықты кім қалай түсінеді? Огайо Университетінің Уильям Ролинз есімді профессоры осы мәселені зерттеген екен. Әртүрлі жастағы адамдарға бірдей сұрақ қойып, сараптама жасапты. 14 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қарияның дос туралы пікірі бірдей болып шыққан екен. Олар: «Дос — жаныңа жақын адам» депті. Бірақ, сипаттау жағдаяттары әртүрлі. Жасөспірім «сабақ орындамағанда көмектеседі» десе, «қария соғыста мені жаудан арашалаған» деген екен. Жастың достыққа әсері бар ма? 20-24 жас аралығындағы адамдар орта есеппен бір аптаның 10-25 сағатын достарымен өткізеді екен. Сонымен қатар, олар сыныптастар, топтастар, әріптестер деген секілді белгілі бір топтарға бөлініп жүреді. Осы топтың ішінен де адам өзіне етене жақынын даралап алады. Есейгенде «компания» деп аталатын топ «ашып алады » екен. Ал «Әсел, ойнауға шығасың ба?» деп немесе «Сұлтан, кеттік, қуыспақ ойнаймыз» деп шақырып алып кеткеннен анаңыз сізді үйге әзер кіргізген болар. Бірақ уақыт өте келе сол достармен араларыңыз алыстап бара жатқанын байқамауыңыз мүмкін. Өйткені таным өзгереді. Әлеуметтік желі - достықтың көпірі емес. Қазір технология заманы орнағандықтан, жақын достардың аман-саулығын әлеуметтік желі арқылы білісеміз. Алайда бұл достық деп есептелмесе керек. Туған күн, мерекеде құттықтау жазып, суреттеріне «ұнайды» белгісімен лүпіл басу танымайтын адамдардың да қолынан келетін іс. Ал сіз достықты мұнымен шектемеңіз. Сіз досыңызға рухани сыйлық жасаңыз. Оның жанынан табылатыныңызды танытыңыз. поезд машина топ мектеп

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Andy2511
28.10.2022 23:35
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған - деп, атамыз Шәмші Қалдаяқовтың әнінде жырланғандай, ана - әр адамға қымбат а үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты - Гүлмира. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 37-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, екі баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
анастасия1571
28.10.2022 23:35

Менің анам

Менің анамның есімі – Зәуре. Анам 42 жаста. Анам мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жиырма жыл жұмыс істейді. Анам мектепте қатал мұғалім болғанымен, үйде өзімізге сүйікті әрі мейірімді ана. Жұмыстан бос уақытында анам бізге тәтті тағамдар пісіріп, бізді еркелетеді.  Сонымен қатар анам бізді үлгілі әрі тәртіпті болып жүруімізді қадағалап, үнемі  ақылын айтып, тәрбиелеп отырады.

Әрқайсымыз ер жетіп, бой жеткенде ата анамыздың бізге артып отырған үкілі үміттерін ақтап, саналы ұрпақ болып өсеміз деп сенеміз.

Мен анамды өте жақсы көремін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота