А қандай бала? Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін, елгезек, әркез достарына қол ұшын созатын оқушы. Біз досым Дарын екеуміз әрқашан апайлардың айтқанын қалт жібермей ұғып, мұқият тыңдаймыз. Сыныбымызға көмектесуге дайын тұрамыз. Өйткені, бізге ата-анамыз, ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз солай үйреткен. Кез-келген адам білімді болуы мүмкін, тек оны дұрыс мақсатқа жұмсап, елімізге қызмет еткіміз келеді. Оқушылардың жаман әдеттерден аулақ болғаны жөн деп ойлаймын. Нашар қылықтарға үйір болсаң, жақын адамдарыңның көңіліне қаяу түсіресің. Қазіргі таңдағы оқушылар алдына айқын мақсат қойған, әдепті, әділетті, жат қылықтардан аулақ, терең білімді болу керек. Менің достарым сондай оқушылар.
Объяснение:
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов
Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.
Мұзафар Әлімбаев
Білім — а ң ортақ қазынасы.
Жүсіп Баласағұни
Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
Мұхтар Әуезов
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді
Шоқан Уәлиханов
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Абай Құнанбайұлы
Оқыса білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы,—
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Елі үшін жұмақ қылады.
Бейімбет Майлин
Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.
Ыбырай Алтынсарин
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов
... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот ба жалтырай да жарқырай береді.
Қаныш Сәтбаев