Тілім өшсе менде бірге өшемін, тілім өссе менде бірге өсемін» деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – біздің байлығымыз, қазынамыз. Халық тілімен бай, дінімен бай. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Әрине қуанамыз. Бірақ, мемлекетімізде тұратын қазақтар саны еліміздің 60 пайызын құраса да әлі таза қазақша сөйлей алмай келеді. Шынымен, бұл менің жүрегімді ауыртады, алаңдатады. Қазақ тілін оқытуда көп жоспарлар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік тілді меңгерту жолында қаншама ғалымдар мен ұстаздар маңдай терін төгіп, тілді меңгертудің сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын жасап жатыр. Осыған қарамастан тілді меңгерту баяу жүзеге асып жатқандай ма, қалай?
«Оқу инемен құдық қазғандай» деп тілді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қайратпен жұмыс жасауды талап етеді. Сол үшін еңбек етіп жатырмыз да. Бірақ, менің ойымша, тілді үйрену, мемлекеттік тілде таза сөйлеу әр адамның жеке басына байланысты. Әр адамның Отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі болып, мемлекеттік тілге деген мәртебесі болса ғана қазақ тілін үйреніп, меңгере алады деп ойлаймын.
Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина.