ответ:
ұлы жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. оны қолданысқа енгізген белгілі неміс фердинанд фон рихттофен. жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
сонау еуропа мен азияны біріктіріп жатқан бұл жол ғажайып жетістіктерге жеткізді. ған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының , діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.
ұлы жібек жолы ежелгі қазақстан жерімен де өткен. ең негізгі сауда жолы тянь-шань тау сілемдерімен, сырдария, талас, шу, іле аңғарлары аркылы қытайға ұласкан, жолдың ендігі бір бөлігі яқсарт, сейхун деп аталған сырдария, орал (жайық) өзендерін жағалай ары қарай қаратеңіз маңы, византия мен батыс еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.
негізгі күре тамырдан орталық қазақстан далаларына, сарыарқа мен ертіске, алтай мен моңғолияға карай тарамдалған жолдар өткен. осындай жолдардың бойында исфиджаб, усбаникент, отырар, түркістан, тараз, сауран, сығанақ, сарайшық, жаңакент сияқты ірі қалалар болған. бұл қалалардың өркендеуіне ұлы жібек жолының тигізген әсері мол. қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.
қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар қытай мен византия, иран мен үндістан елдерінің теңге сарайларында нақыштап соғылған теңгелер мен ділдәлар қазып алған. сонымен бірге сол жерде жасалған әрі сауда керуендерінен келген басқа бұйымдар да табылған. алматы маңындағы ежелгі талхир қаласының орнын қазған кезде иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар қолға түсті. әсіресе, беті түрлі танғажайып оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген табак ерекше қызықтырып, ықылас тудырады. қызыл түсті жапон фаянс тостаған сынығының іші мен сыртында айдаһар, тау мен теңіз, «алтын» киім киінген ер кісі мен әйел әсем бейнеленген.
көз қызықтырар қола айналар – таяу шығыс пен қытайдан шығып, кең таралған заттардың бірі. олардың сырт жағына гүлді оюлар, ұшып бара жатқан тырналардың суреттері салынып, араб жазулары да түсірілген.
ұлы жібек жолы бойымен ферғананың әйгілі жүйрік аттарын, араб және түрікмен арғымақтарын, түйе мен пілдерді, арыстан мен керіктерді, сілеусін мен карақұйрықтарды, сұңқар мен каршығаларды, тауық пен тотықұстарды, тіпті түйеқұстарды да сату үшін алып
Шоқан Уәлиханов — XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі. Өзінің жасындай жарқ еткен ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан әрі зерттеу жұмыстары бүгінгі ғылымда жоғары бағаланатын жазбалардың бірі болмақ.
Шоқан Абылайдан өрбіген ұрпақтардың бірі. Оның балалық шағы Сырымбет тауының бөктерінде өткен. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Оның келешегі үшін бұл оқу орнының атқарар рөлі зор болады. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин.Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытқан болатын.