Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Объяснение:
Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.
Барсакелмес аралы.
Арман қатты шаршады. Бүгіндікке оның мүлдем жолы болмай-ақ қойды. Таңертең сабағына кешігіп қала жаздады. Сол асығыстықтан қазақ тілінен үй тапсырмасын үйінде ұмытып кетті. Мұғалімнен бір ұрыс естіді. Үйге келген соң анасының сүйікті кесесін абайсызда сындырып алды. Анасынан тағы бір мәрте айқай естіді. Досы Бекзат бүгін үйіне келіп, бірге фильм қараймыз деп өткен жолы уәде берген. Ал бүгін келе алмайтынын айтып Арманның көңілін одан әрмен түсірді. (Оқиғаның басталуы).
Ол ешкім таппайтын басқа бір жерге жалғыз өзі кеткісі келетінін ойлап ұйықтап қалды.
Түс көрді. Қараса су жағасында жатыр екен. Тап-таза теңіз суының үлкенді-кішілі толқындары жағаға ұрып тұр. Орнынан тұрып белгісіз аралға тап болғанын байқады. Айқайлап, дауыстап жан-жағын аралап шықты. Оның ішін дау-талас билеп алды. Қатты қорықты. Кенет ат-арбаны көрді. Оған дейін де біреулердің болғанын көріп қуанды.
Арал мүлдем таныс емес қызылды-жасылды ағаштарға, небір өсімдікке толы. Оның таңғалдырғаны ақ-қара кактустар болды. Қарны да ашты. Ас етер дәм-тұз табу үшін айла-әрекетке көшу керектігін түсінді. Шырмауықтан қақпан жасап кішкене құстарды аулады. От жағып, аударғанын пісіріп жеді. Таныс емес жемістерді де көрді. Кеш болды. Ұйқысы келген соң, пальманың жапырақтарынан шатыр жасап айналадағы шыққан дыбыстардан қорқып әрең ұйқыға кетті... (Дамуы)
Арман ұйқысынан оянды. Бұның жай ғана түс екеніне қатты қуанды. Бұл сәтсіз күн екенін есіне алып, үй тапсырмасын тиянақты орындауға кірісті. (Аяқталуы).
Құрағаным көркем мәтін, себебі мұнда ауыз екі сөйлегенде қолданатын қарапайым сөздер емес, әдеби сөздер қолданылған.
Объяснение:Қысқартып жазып көр