Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік.
Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады. Фастфудтың иелері жылына бірнеше миллиард доллар табыс табады. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы, жылдам және арзан болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар – ол денсаулыққа зиянды. Қазақстанда үй тағамының орнына,
Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері: Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін. Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді. Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі. Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі. Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен. АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұған кінәлі әрине – фастфуд өнімдері. Біздің елде мұндай қайғылы көрініс әлі орын алмаған. Бірақ болашақта осы проблемаға тап болуымыз мүмкін. Денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз, үй тағамдарын жеуге тырысыңыз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде алғаш мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, кейін Қытай мен Ұлыбритания мойындады
АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл. Еліміз осы аз уақыт ішінде көптеген жетістікке қол жеткізді. Sputnik Қазақстан 27 жылдық мерейтойға орай қазақстандықтардың өміріндегі 27 елеулі өзгеріс пен жетістікті назарларыңызға ұсынады.
1991 жылы тарихы тереңде жатқан Қазақстан Республикасы жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болды. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Ұлттық мерекеге орай Қазақстанның барлық өңірінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып, республика азаматтарының арасында әр саладағы көзге түскен ерекше мамандар марапатталады.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанды. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойды.