aigylka764
25.12.2020 10:13

Нар. 4. Өлең мазмұны бойынша «Үш қадам» кестесін толтырың-
дар.
1-қадам
Өлеңде көтерілген
мәселелерді
анықтаңдар
2-қадам
Ақынның бес
асыл іс пен бес
3-қадам
Қазіргі өмірде
бұл мәселелер
өзекті ме?
Неліктен?
дұшпан туралы сөз
қозғау себебі...

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lolikontu
20.03.2020 17:31

Біз «қазақ киносының тілі өте кинематографиялық» деп мақтанамыз. Бірақ, бұл, «кино лайым классикаға ұқсағысы келіп тұруы керек» деген сөз емес. Мойындайық, өз-өзімізді ұмытып, бәріміз «кинематографиялық» киноның соңынан кетсек, қазақ көрермені Голливудтың жемтігі бола береді. Қазір бұқараның санасы үшін күрес жүріп жатыр. Зеңбірекке қарсы ақберенмен шығуға болмайды. Бұқаралық киноға қарсы авторлық киномен қарулана алмайсыз. Биік өнер, эстеттік кино – ол да керек, бірақ, бұқара үшін «сторителлинг» немесе қарапайым сюжет баяндаушы фильмдер басымдықта болатынын жасыра алмаймыз. Ақан Сатаевтың бұл фильмі – нағыз сол тұрпатты дүние.

Көріп отырғанымыздай, қазақ киносының қазіргі келбеті – бүкіл қазақ қоғамының келбетіндей ию-қию. Мемлекет өзіне ұнайтын киноға ақша бөледі, кейде өзіне ұнамайтын киноға да мүмкіндік береді. Ал, «кино арқылы табыс тапсам, танымал болсам, абырой жинасам» дейтін жеке студиялар, кейде кино еместі кино деп түсіріп, өз бетімен «дамып» жатыр. Жалпы талғамды көтеретін дүниелердің зәрулігі өкінішті. Авторлық фильмдер кинотеатрларға жетпейді, жетпеуіне мұндай сипаттағы киноны көрсеткісі келмейтін билік өкілдері де, көргісі келмейтін көрермен де кінәлі шығар. Бірақ, көрермен көргісі келетін киноны деңгейлі түсіру камера ұстаған ағайынға да серт пе дейміз?!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alymov671
29.06.2020 17:06

Адам бойындағы ізгі қасиеттер

Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.

Жастық тәрбиесі Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Абылай ханадамзаттың жадында мәңгіге сақталған тарихи миссиясын атқарған түста небәрі 20 жасында еді. Византия империясын тізе бүктірген шағында Фатих Сұлтан 21 жасында болған екен. Ұлы Ескендір әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған кезде қылшылдаған жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысыда өмірін күреспен өткізген. Өйткені олар — халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер.

Өзіңе жүктелген міндетті ғана орындау еңбекқорлыққа жатпайды. Еңбек қабілетін толық қолданған адам — нағыз еңбексүйгіш адам.

Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу тіпті де қиын болмасы ақиқат.

Сонда ғана тарихқа алтын әріптермен аттарын жаздырып кеткен ұлы тұлғалармен иық теңестіре алады, ал айырмашылық кезең мен мекенде ғана болмақ

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота