YDA2007
07.04.2020 00:59

Хат мазмұнына сай сөйлемдерді ретімен қой. Сәлеметсіз бе, Дархан Мирасұлы!

Сізді біз тарихи тақырыпта кино түсіріп жүрген талантты режиссер ретінде білеміз, құрметтейміз. Біздің шығармашылық топ көшпенділер өмірімен байланысты жаңа түсірілімге дайындалып жатыр. Сізді осы жобаға қатысуға шақырамыз. Тәжірибелі режиссер ретінде көмек берсеңіз деген тілегіміз бар. Сізге түсінікті болу үшін жоба туралы қысқаша ақпарат айта кеткіміз келеді.

Тележобаның атауы «Көшпенділер дәуіріне саяхат» деп аталады.

Қатысушылар ұлттық паркте табиғи жағдайда өмір сүреді. Киіз үйлерде тұрады, қазанға ас пісіреді. Садақ асынып, аң аулайтын болады. Көктеуден жайлауға көшкенде арбаға, түйелерге жүк артып, көшпенділердің тұрмыс-салтын сезінеді.

Қысқаша бағытымыз осындай. Сізден жақын арада жауап күтеміз.

Құрметпен, Дариға Диланқызы және «Адырна» шығармашылық тобы.

Қысқаша бағытымыз осындай. Сізден жақын арада жауап күтеміз.

Сәлеметсіз бе, Дархан Мирасұлы!

Тәжірибелі режиссер ретінде көмек берсеңіз деген тілегіміз бар

Құрметпен, Дариға Диланқызы және «Адырна» шығармашылық тобы


Хат мазмұнына сай сөйлемдерді ретімен қой. Сәлеметсіз бе, Дархан Мирасұлы!Сізді біз тарихи тақырыпта

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Koshachiy1pupochek
02.06.2022 07:36

Дәрігер болғым келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
MN0G0ZNAAL
17.01.2022 03:32

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деді Н. Назарбаев.

«Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым!  Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!», - деді Мемлекет басшысы.

Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота