Шығармада тек табиғат-адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге әке мен баланың арасындағы текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы араздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер екенін белгілі. Қасқырлардың өз ішінде бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шаппауы мүмкін емес. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяғаны үшін де құрбан болып кетті. Дұшпанға аяушылық білдіру керектігі де байқалады бұл жерде. Әкенің, яғни Құрмаштың ағасы – Қасеннің де, әжесінің де ескертпелері еш әсер етпейді. Үлкендер қауымы мұның жаман іс екенін жақсы білді, себебі шынайы өмірдің қандай екенін түсінген жандар. Ал Құрмаштың барлық адамға, көпшікке, қарсы келуінің өзі ажалға қарсы келу болатын. Соңында ажал құшады, мұны шығарманы басыннан бастап аңғаруға болады.
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.