kurilen
20.11.2020 22:26

Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.

Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.

Көнерген сөздер
Эвфемизм сөздер
Дисфемизм сөздер
Табу сөздер

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
cariandreevac
08.10.2022 12:12

Әлемдік мәдениет — жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүние жүзі сипат алған діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады. Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді, Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций, Аристотель, Әбу Наср әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М. Қашғари, Ж.Баласағұн шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар адамгершілік ережелеріне халықар. дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары. Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт ата, Асан қайғы сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын толықтырды. Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты. Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет болып табылады. Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүние жүзілік дәрежеге көтерген мәдени туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
krepkinapolina29
01.02.2022 14:02

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота