19791207the
06.05.2022 01:50

Ш. Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек дастанының негізгі идеясы, тақырыбы маңыздылығы жазу​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Rroshok
07.02.2021 06:13

« Мәңгілік ел » ескерткіші жасампаздық қакпасын бейнелейді . Салтанатты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз - Елтаңба , шанырак киіз үй керегелері , күн шұғыласы , алтын жалды қанаты пырақ бейнеленіп , «Қазақстан » деген сөз жазылған . «Мәңгілік ел » салтанат қақпасы айрықша сәулет ескерткіші . « Мәңгілік ел » жазуы қақпаны көріктендіріп тұр . Арка ұлттың оюмен безендірілген . Абыз ақсақал мен данагөй ананың қаһарман батыр мен елшіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің тыныс - тіршілігін білдіреді . Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесе несіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. Мұнымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі - қалқан бейнеленген . Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған . Онда Егемендік туралы декларация көрсетілген . Бұл қабырғада « Ақорда » , « Бәйтерек » секілді маңызды нысандардың суреттері салынған ( С. Негимов ) .

0,0(0 оценок)
Ответ:
Irakrasnova72
14.05.2021 13:01

Реалистік шығарманың ең басты негізі — өмір шындығы, сол шындықтың романтикалы жақтары. Бұл жағынан алып қарағанда М. Әуезовтің «Қараш-қараш  оқиғасы» повесі айта қалғандай екені жоғарыда біраз дәлелденді. Қазір туындының көркемдік сапасының тағы басқа қалтарыстарына тоқталып байқайық.

Шығармадағы қамтылған жайлар революциядан бұрынғы дала тіршілігі дегенбіз. Автордың ұсынған идеясының түп тамыры сол кездегі  патриархалдық-феодалдық өмірдің кеселінен, екі таптың қиянкескі тартысынан шығып жатқаны түсінікті. Белинскийдің данышпандық қағидасы бойынша шығарма сырт жағынан идеяның мағынасын іске асыратыны даусыз. Яғни сыртқы құбылысты дұрыс сипаттау бар да, оның ішкі сырын аша көрсету бар.  Бұл екеуінің байланысы қашан да бірге. Ал, енді осы мазмұн мен түр тұтастығын М. Әуезов берік сақтай отырып, оны қандай шынайы өнермен жеткізген десеңізші!

Жазушы алдымен сол азапты өмірдің өзіндік атмосферасын дәл береді. Мұнда көкейге қонымсыз, шалағай қалған, жалған жатқан көріністер жоқ.  Қазақтың жазда жайлауға шығып, мал жаятын, суық түссе қиырдағы  қыстауына барып қыстайтын өмірі, кәсібі, байлығы, кедейлігі, өзара жаулығы, тартысы, халықтың мінезі,  ұлттық рухы келісті де бапты шеберлікпен жөн табады. Сол сыртқы құбылыс пен ішкі мазмұнның бір-бірімен байланысқан  сырын ашуда Мұхтар қолданған көркемдік тәсіл қандай! Соның бір ғана штрихыретінде мынадай эпизод төңірегін сөз етелік.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота