OvenNeON
09.12.2020 05:12

ЖАЗЫЛЫМ 3-тапсырма. Бір «+», бір «-», «қызық» әдістері бойынша оқылым мәтінін-
дегі ақпаратты белгіле.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yanachor25
26.12.2021 04:07

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхарадағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.

1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүриті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Сопылық идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.

Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуан-и Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған.

Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мистикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kair7775550
20.11.2022 15:36

дос - жанының айнасы тәрізді. себебі өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір ң шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.

ң арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.

ақиық ақын мұқағали мақатаев:

"достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.

қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.

ң күні болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. мұнда да зор жауапкершілік қажет. досына қарап танитынын ескерсек, өзі қандай болса, дәл сондай ға ұшырасады, дәл өзіндей жақын тартады. сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы

достық – ң бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. мысалы, біреуінде ққ не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “досы жақсының, өзі де жақсы”, “дүниеде ң жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, қ, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота