Elvirashka
29.05.2020 02:48

Өлеңдер жинағы - cізге өлендерді онлайн оқуға, жаттауға мүмкіндік береді
https://goo.gl/4B9Qmc​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
leonru1
18.05.2022 07:47
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін.      Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін.    Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
wsmol
17.11.2020 21:45
Алматы - әсем қала

Алматы - Адатаудың баурайында жатқан ғажайып қала. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, нарттай алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізгісіз.

Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.

Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота