Жазылым
Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.
Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.
Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.
Ерлік - тәрбие жемісі.
ерлік жасау тәрбиенің жемісі. Мысалы ата анамыз бізге ерлік жасау, батыр болу яғни елімізді қорғау туралы көп тәрбие береді және солай ерлік жасап еліміздің душпандардан қорғаса ол біздің тәрбиеміздің жемісі.
Мықты ерік-жігер — жеңістің серігі
бұрынғы ата-бабаларымыз ержүрек, ерік-жігері мықты адамдар болған және де солар осы қасиетімен жеңіске жеткен. Сол себепті ерік-жігер жеңістің серігі деп атайды
Есімі елдің жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
яғни егер ерлік жасап ел есінде қалса ол сенің бақытты болғаның. Мысалы ата бабаларымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталған. Олар бақытты себебі біз оларды соншалықты құрметтейміз, яғни есімдерін ешқашан ұмытпаймыз