dgrigoref
20.06.2022 02:22

. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (Прочитайте текст и ответьте на вопросы) Үш күндiк жолдың бүгiнгi, соңғы күнiне шәкiрт бала барын салды.Қорықтан күн шыға атқа мiнейiк деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзi оятып тұрғызып едi.

Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргiншiлерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзiне таныс Көкүйiрiм мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестiсiн ағызып-ағызып та алады.Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай:

– Мына баланың ауылға асығуын-ай!

– Сорлы бала қыстай iш құста болып қалған-ау, – деседi. Шәкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетедi. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына iлген ұзын қайың сойылы барды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:

– Ендi бiзден кетпе! Анау Есембайдың жырасын бiлесiң ғой! Ұры жатады...– дедi.

– Сенi мен бiздi манадан көрiп отыр!"қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсiрiп атын әпкел өзiнiң!"– дейдi де, сенi төбеден бiр-ақ нұқып, мына бәйге бестiңдi алады да кете барады, – дедi Жұмабай да.

– Е, сендер ше? Сендер берiп жiбересiңдер ме?

– Ойбай, бiзде не қауқар бар? Бiз екеу-ақ.

– Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бiздi өзiмiздiң елдiң адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, – деп Жұмабай шошыта сөйлегiсi келедi.

Баланың қытығына тиетiнi. Осы жерi.

– Әйтеуiр сендерден дәрмен жоқ екен, ендеше бiрге жүрдiм не, жеке жүрдiм не? Ал кеттiм!– деп, соқтырта жөнелдi. Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны едi.

Содан жаңағы қауiптi деген Есембайға жеткенше, артына бiрде-бiр қараған жоқ. Көз ұшына кетiп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған.

Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. Осы қазiргiдей боп жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсiз боп қалатын жер. Алыстан жолды бағып отыратын тұрғылары бар.

а) Қай стильде жазылған.

ә) Мәтінде неше жалқы есім бар

б) неше қос сөз бар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Belatrissa11
21.04.2020 19:14

Объяснение:Жомарттық – қайырымдылық тамшысы.

«Жомарттың аты талай жыл өтсе де ел аузында жүреді» деп Рашид-әд-дин айтып кеткендей, жомарттық немесе жауанмәрттілік, кеңпейілділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жмарттық дегеніміз – қолыңдағы бармен өзгемен бөлісу. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.

Менің ойымша, жомарттық отбасынан, яғни отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Мысалы, біздің анамыз үнемі бізге «бір тілім қара нан болса да, бөліп жеңдер», «өзгелермен бөлісіңдер» деп жадымызға құйып отырады, сондықтан біздің қолымызда бір қампит болса біз бөліп жеуге тырысамыз, ешкімнен қолымыздағы нәрсені аямай, кеңпейіл болуға тырысамыз.

Бүгінгі таңда елімізде қайырымдылық қорлар мен қайырымдылық науқандар жиі өткізіліп тұрады, біз де осындай қайырымдылық іс – шараларынан қалыс қалмай, мүмкіндігімізше аи салысуға тырысамыз. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы өте орында айтылған секілді, себебі жомарт эандар мұқтаж адамдарға көмектесіп, демеушілік танытады.

Қазақ халқы жомарттық қасиетті ерекше ардақтап, балаларына «Жомарт» деген есім беріп жатады. Тіпті халық арасында дарқандылығымен танылған адамды «Атымтай Жомарт» бейнесімен ұштастырып жатады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
19283746521
21.04.2020 19:14
Бала күнімнен әжем қарапайымдылық, мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Олар - адам бойындағы ізгі қасиеттер. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту, қарапайым болу - мен үшін адамдықтың белгісі іспетті.

Әжем қарапайым болуды, өзгені ойлауды, қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Қарапайым болудың, мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота