Andreevna003
04.11.2020 02:24

3-тапсырма. Берілген зат есімді сөйлемдерді жіктеу, сілтеу, сұрау есімдікті сөйлемдермен алмастырыңыз.(замени существительные
местоимениями)
Есімдікті сөйлем
Хабарлы сөйлем
1. Тұмар патшайым Кир әскерімен соғысады.
2. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады.
3. Массагеттер парсыларды жеңеді.


3-тапсырма. Берілген зат есімді сөйлемдерді жіктеу, сілтеу, сұрау есімдікті сөйлемдермен алмастырыңы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Andrey720
12.07.2021 21:16

«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.

Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?

Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.

Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?

Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.

Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?

Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.

Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!

Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Raulikx
11.02.2021 03:01
Сіздерге тамаша орманы мен өзені, сайын даласы бар Орал өңіріне қош келдіңіздер дейміз. Өңірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір контингентті құрайтын, әлемнің екі бөлігі — Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан. Бұл жер өркениеттің озық жетістіктері мен табиғаттың сол қалпында сақталған түпкірлерімен үйлесім тапқан. Бұл жерде болған ешбір адам табиғат сұлулығына көңіл қоймай кете алмайды.Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның құрамына кіреді. Ол еліміздің солтүстік-батысында орналасқан және 151,3 мың шаршы метрді алып жатыр. Облыс аумағымен Еуразияның басты күретамырларының бірі — Жайық өзені, екі кішірек өзендер — Шаған мен Деркөл өзендері және ондаған шағын өзендер ағып өтеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда көптеген көлдер бар. Ең үлкені — 200 шаршы километрді құрайтын, әрі әдемісі — Шалқар көлі, сондықтан да Орал өңірінің тұзды інжу-маржаны деп тегін атамаған.Облыс Қазақстанның үш: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысымен, сонымен бірге, Ресейдің бес: Орынбор, Самар, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарымен шектеседі. Облыс тұрғындарының саны: 606,5 мың адам. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы,тұрғыны: 227,4 мың адам.Орал қаласы Қазақстандағы көне қалалардың бірі, Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысы сағасында, ресми мағлұматтар бойынша 1613 жылы негізі қаланған. Басында Ресей мемлекетінің дала көшпенділері шапқыншыларын қорғайтын әскери постылардың бірі болған және оны Яик қалашығы деп атаған. Орал қаласының аты 1773 — 1775 жылдардағыЕ. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина II Император патшайымының бұйрығымен басқаша аталды. Қаланың ең көне бөлігі — «Курени» ауданы. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына, Яик қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған. Қаланың өзінен аз ғана кейін салынған, сол кезде тұрғызған үйлер әлі де сақталған.Қалада, өскелең ұрпаққа асыл мұра, тарихпен айналысатын адамдардың бәрінің де қызығушылығын тудыратын оннан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Е. Пугачев мұражай-үйі, 1751 жылы салынған Михаил-Архангель Соборы. Орал казак әскерінің үш жүз жылдығы құрметіне салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаш-Орданың Батыс бөлімі жетекшілері Халел және Жанша Досмүхамедовтер және басқа да көптеген адамдар бітіріп шыққан реалды училище ғимараты.Әр жылдарда бұл қалада И. А. Крылов, А. С. Пушкин, В. А. Жуковский, В. И. Даль, Т. Г. Шевченко, М. Өтемісов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтар болған. Бұл жерде М. Шолохов, Ж. Молдагалиев, А. Сәпсеновтер өлкеден тақырыптар жинап, өз шығармаларына арқау еткен. Орал өңірі — қазақтың үлы композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Динаның, теңдесі жоқ әншілер Хадиша Бөкеева, Роза Жаманова, Рарифолла Қүрмангалиевтың ақын-жазушылар: Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қадыр Мырза Әлінің, алгашқы Кеңес Одагының Батыры атанган, Шыгыс қызы — Мәншүк Мәметованың туған жері. Еуропа мен Азия шекарасындағы қонақжай өңір, Батыс Қазақстан облысы өз қонақтарын тағатсыздана күтеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота