romapigula1357
29.04.2021 17:04

Лап айта Неоклассикалық, паллад
Tyap.
Шал енді қауындық жерінің басынан
11-тапсырма. Кәсіби сөздерді тауып, дәптеріңе жаз және олардың қай
шықпайтын болды.
кәсіпте қолданылатындығы бойынша шағын зерттеу жүргіз.
тақ кұратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп су са-
Қарықтардың арасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шар-
Қарекең пәлек аралап жеуге жарайды-ау» деген екі қауын-
түзіп, немерелеріне құшақтатып жіберді. Көп ұзамай қауыннан
(Т. Нұрмағамбетов
Cinna кестені толтыр.
ады.
ғайып әңгелектер шыға бастады.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ПоляБондарь
20.08.2020 19:04

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты

Қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Енді мәңгі өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтпақшы

азаттықты алуға ат салысқан, рухы мықты, жігері мығым Алаш қайраткерлері мен олардың құрған ғұмыры ұзақ болмаса да халыққа үлкен еңбек еткен Алашорда автономиясы төңірегінде ой қозғағым келіп отыр.

Әр дәуірде тарих сахнасы белгілі бір адамдарды, оқиғаларды өз төріне шығарып, өзі қалаған уақытында ысырып отырады. Оның ішінде кейбірі халық жадында мәңгілік қалады. Сол сияқты біздің жұрттың жадындағы ежелден қалмақтармен алысу, олардың тепкісінен құтылу, одан босағаннан кейін орыстардың қол астына түсуін, сірә, ешқашан еліміз ұмытпас. Сондағы оқиғалардың бәрі сол замандағы халықтардың сана – сезімдерін оятып, күрескерлік күштерін жаңа арнаға шығарды. Қандай оқиғалар дейсіз бе? ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясы ата-бабасының қаны мен тері төгілген қазақтың шұрайлы жерлерін біртіндеп отарлауы, ауылдағы бай- шонжарлардың езгісінің ауыртпалығы, өлшеусіз жұмыс уақыты, мардымсыз жалақы, алым-салықтың көптігі халықты әбден қажытып жіберген еді. Сонымен қоса олар Қазақстанның ең құнарлы деген 16 проценттей жеріне иелік етті әрі сол жерлерге орыс шаруаларын қоныстандырды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Осы кезеңде қазақ зиялылары бас көтерді. Алғаш рет Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған топ «Қазақ» газетін шығарды. Бұдан кейін Ресейдің саясатына қарсы шыққан Алаш қозғалысы болды.

Жалпы қазақ тарихында оған дейінде азаттық жолында Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы бастаған бірнеше көтерілістер өткен еді. Бірақ бұл жолғы көтеріліс қазақ зиялыларының бастауымен еді. Әрине, оларға дейін де Шоқан, Абай сияқты қазақ зиялылары болды, бірақ олар халықпен жалғыз күрескендер. Ал Алаш қозғалысының бағыты, мақсаты, міндеті мүлде бөлек болатын.Олар әуелден Патша үкіметінің саясаты халыққа соңында жақсылық алып келмейтінін білген еді. Сол замандағы бірнеше қазақ интеллигенттерінен тұратын Әлихан Бөкейханов бастаған топ Алаш автономиясын құрды. Ондағы мүшеліктегі адамдар бірыңғай сауатты, жоғары білімді адамдар тобынан тұрды.

«Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан» демекші елдің мүшкіл тұрмысын көрген Алашордашылар автономия алғаннан кейін халықты дамытып өсірудің түрлі жолдарын қарастырды. Олар халықты билікке қару асынып азаттық үшін көтеріліс жасауға шақырмады. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов бір сөзінде: «Менің идеалым – мүмкін болғанша қазақ халқының мәдени деңгейін көтеру, өйткені, білім, мәдениет – оның өсіп-өркендеуінің кепілі» — дейді. Бұл сөздердің астарында алдымен, халықты сауаттандыру тұрғаны айқын көрінеді. Жалпы, Алашорда деген сөздің түбінде Алаш мемлекеті деген түсінік, ой, арман жатты. Сондықтан олар халықты қамтамасыздандырудың түрлі идеяларын жоспарлады. Кез келген халық өзінің даму шыңына тек ұлттық идея арқылы жетеді. Ал ұлттық идея – ол өзге ұлттың дәстүрі мен мәдениетін теріске шығару деген сөз емес, ол Алаш зиялыларының түсінігі бойынша, Алаш идеясы өз ұлтыңдыАлаш зиялыларының түсінігі бойынша, Алаш идеясы өз ұлтыңды, өз жеріңді, өз еліңді, өз тіліңді, мәдениетіңді сүю, қадірлеу және осыларды алға дамыту болды. Осы арада ХIХ ғасырдың соңында Жапония феодалдық мемлекеттен әлемдегі ең дамыған мемлекетке қалай айналды деген сұрақ туады? Әрине, ұлттық идеясының арқасында.

Алашордашылар мемлекет іргесін қалау барысында бес түрлі тұжырым ұстанды. Бірінші ұстаным: Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді.Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Үшінші ұстаным: толықтай тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылу. Төртінші ұстаным: Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болу. Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып ұлттық-демократиялық мемлекет құру. Бұл ұстанымдарды тізбектей келе ұстанымдардың негізгі мәселесі – жер мәселесі екендігі айқын көрінеді. Ендігі айта кететін жайт, сол кездегі Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың көреген саясаты. Бүгінгі Қазақстан территориясының негізі 1917-1920 жылдары қаланған. Бөкейханов 1919 жылы Колчак өкіметімен келіссөз жүргізген кезде: «Алашорда территориясының пішіні дөңгелек болып келеді» — деді. Қазақ АССР-нің 1925 жылға дейінгі картасын қарасаңыз, расында дөңгелек пішінді. Сол кездің өзінде Қарақалпақстан, Орынбор қаласы мен облысы Қазақстанға қарайтын болған. Ал 1991 жылы Әлекеңнің айтқан ақылымен КСРО-ның

0,0(0 оценок)
Ответ:
gulya104
03.09.2020 19:53

Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, бүгін өз оқырмандарымызға әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін боламыз.

Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.

Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба,

Британдық Кітапхана - Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр

Атағы жер жарған бұл кітапхана – көненің көзі әрі антикалық мифтердің ғылыми және мәдени орталығы саналады. Б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда көрнекті ғалымдардың қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған. Алғашқы кездері Египетте кітапханалар ғибадатханаларда салынған және оларға абыздар қарауылдайтын болған. Ол кездері кітаптардың пішіні орам тәрізді болған және папирустардан жасалынған деседі. Өз заманында Александрия кітапханасы ең алып кітапхана саналып, онда 750 000 шиыршық жинақталған екен.

Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры - көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға жуық кітап болған көрінеді.

1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады.

Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы - бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.

Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады

Копенкагендегі Корольдік Кітапхана - Данияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды басылымдардың үлкен мөлшердегі қоры сақталған. Корольдік Кітапханада XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота