Мəтін бойынша 4 күрделі сұрақ құрастыру.


Мəтін бойынша 4 күрделі сұрақ құрастыру.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nadyasvetlakov
09.05.2020 01:41

Объяснение: Қазіргі дефиле сахнасы биікте орналасқан, яғни платформаларда өткізіледі. Біз оны подиум деп атаймыз. Көрсетілімдерге бұрынғыдай сән­ді киімдерді сатып алушылар ғана келмейді, қазір БАҚ өкілдері мен сән әлемінің қас шеберлерін шақыру тұрақты үрдіске айналған. Әсі­ресе жаңа топтамалардың жарнамасына жан бітіретін журналист қа­уымының көрсетілімдерде көбірек болуы маңызды рөл атқарады. Ми­ланның әйгілі Pambianco Strategie di Impresa SpA деп аталатын ком­паниясының са­рапшы мамандары жүргізген зерттеуге сенсек, де­­­филеге кеткен қар­жы­ның 6%-ы тек PR мен жарнамалау жұ­мыс­та­ры­на кетеді. Ал жаңа топ­тамаларға келіп түсетін тапсырыстың 30-50%-ы сол жарнамалардың ар­қасында жүзеге асатын көрінеді. Де­фи­­ленің ең басты кейіпкерлері са­налатын модельдердің де жа­­­ла­қылары жаман емес, атақты ком­паниялар бір көрсетілім үшін бір моделіне 10-30 мың АҚШ дол­ларын тө­лейді. Айта кетейік, әлем­дік деңгейдегі сән үйлерінің әрбірінде визит карточкасы саналатын түрлі түсті көмескі жарықтар бар. Мысалы, Джон Гальяноның сән көрсетілімдерінде – алқызыл түстес, ал Christian Dior-да айнадан жа­сал­ған подиум қолданылады. Мұндай атақты дизайнерлер үшін есім­дері әлемге танымал адамдардың көр­сетілімдерге келуі – ең ма­ңыз­­ды дүние. Сол үшін де олар белгілі өнер жұл­дыздары мен қалталы бизнесмендердің көрсетілімге келіп кетуіне қажетті жол ақысын, жа­тын орны мен киетін киімдері үшін қомақты қаржы төлеуге дейін ба­­рады. Себебі олар брендіні жарнамалау үшін көп көмектеседі. Ал де­­­филені өткізуден бас тарту деген компанияның қаржылық дағ­да­рыс­қа ұшырап, құрдымға кеткендігін білдіреді. Prada Group-тың пре­зи­денті Патрицио Бертеллидің айтуынша, дефилесіз еш­қандай өнім сәт­ті шықпайды, сол үшін де сән көрсетілімдерінің бүгінгі әлем­дік fa­shion – индустриядағы орны бұрынғы заманғыдан гөрі маңыздырақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ванек1838305958595
27.02.2021 15:30
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота